|
Егерде сiз жұмысыңыздан айырылып қалсаныз
«Сіз жұмысыңыздан айырылып қалдыңыз» парағына (мәтінді жаңарту)
01.10.2009 жылғы жағдай бойынша Риддер қаласында 912 жаңа жұмыс орындары құрылды. Риддер қаласы бойынша экономикалық белсенді халық саны 32740 адамды құрайды, жұмыспен қамтылған халық- 30762 адам, жұмыссыздар – 1978 адам. Жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 5,6 % құрады.
01.10.2009 жылы қаланың жұмыспен қамту қызметіне жұмысқа жарамды жұмыспен қамтылмаған халық санынан 3824 адам еңбек делдалдығы үшін келді, олардың 3056 жұмыссыз болып танылды. Еңбек мәселесі бойынша кеңес алу үшін 382 адам келді.
Қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарынан бос жұмыс орындарына 1340 тапсырыс түсті. Сұраныс үнемі жұмысшы құрылыс мамандықтары жұмысшыларына: шатыр жөндеушілер, балташы-бетоншылар, газосварщиктер, темір ұсталары және т.б. беріледі.
Жұмыспен қамту қызметінің делдалдығы кезінде жыл басынан бастап 2437 адам жұмысқа орналастырылды, олардан жұмыссыздар 1871. Өтініш бергенде санынан жұмысқа орналасқандар пайызы 63,7% құрады. Жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар санынан 33,7% - әйелдер, 25,4% - жастар. 35,9% өнеркәсіп кәсіпорындарына жұмысқа орналастырылды.
01.10.2009 жылғы жағдай бойынша жұмыспен қамту қызметінде 311 жұмыссыз тіркелді.
Халықтың мақсатты топтарын әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шараларды бекіту мақсатында 01.10.2009 жылға 27 жұмыссыз үшін жастар тәжірибесіне 13 шарт және 49 жұмыссыз үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға 4 шарт жасалды, бұған 2009 жылдың бюджетінен 4769,0 мың теңге бөлінді.
Әкімдіктің 2009 жылы қаңтарда қабылданған қаулысына сәйкес, 420 жұмыссыз үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға қала кәсіпорындары және ұйымдарымен 46 шарт жасалды. Осы іс-шараны ұйымдастыру үшін қала бюджетінің қаржысынан 49095 мың теңге бөлінді. Жыл басында қоғамдық жұмыстарға 601 адам қатысты.
Қалалық жұмыспен қамту бағдарламасы аясында жұмыссыздарды оқытудан және қайта оқытудан өту үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бір кәсіптік оқу орны - №7 кәсіптік лицей анықталды, онда 2009 жылы 6 топ-72 жұмыссыз оқудан өтті. Осы іс-шараға қала бюджетінен 3028,0 мың теңге бөлінді.
01.10.2009 жылы жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жұмыспен қамту қызметіне өтініш бергендер:
-1572 әйел. 932 әйел жұмысқа орналастырылды. 439 әйел төлемақылы қоғамдық жұмыстарға қатысты, 27 «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Жұмыспен қамту қызметінің есебінде 264 әйел тіркелген.
- 10 мүгедек. Есепте 3 мүгедек тұр. 5 мүгедек төлемақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді. 1 «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты, 3 адам тұрақты жұмыс орындарына жіберілді.
-50 жастан асқан 416 азамат. Осы азаматтардың санынан 468 адам жұмысқа орналастырылған. 420 адам қоғамдық жұмыстарға қатысты, 39 әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді. 01.10.09 жылы 50 жастан асқан 72 жұмыссыз есепке тіркелді.
|