|

|
|
Сақылдаған сары аяз
Бүкіл денеңді, онымен қоса еркіңді де билеп алатын суық-ызғар, қақаған аяз деген не, мұны тек сақылдаған аязда жақын маңда сенімді жылу көзі болмаған сәтте ұғынасың. Термометр көрсеткіші қалыпты мөлшерден төмен тұрып қалса – адамның, сонымен бірге ол жасаған заттың барлығы да микропроцессордан бастап канализацияға дейін суыққа қарсы қаншалықты қорғансыз екендігі айқын көрінеді. 10 – 15 градус бізді техникалық прогресс қоғамынан – тас дәуіріне шегеріп тастай алады. Жарылған құбырлар, ыстық судың, байланыстың болмауы, «өлі» көлік ...
Нөлден жоғары температурада – ылғалдылықтың жоғарлығы мен күшті желде айтарлықтау тоңазып қалу мүмкін. Бұған шаршағандық, дұрыстап тамақтанбау (мәселен, ораза ұстайтындар, диетада отырғандар), алкогольді ішімдік ішу, жылы болса да тар киім, аяқ киім. Кейбір сырқаттар – қан айналымының дұрыс жүрмеуі, жүйке және эндокринді сырқат ықпал етеді. Сондай-ақ егде тартқан шақта шылым шегушілерде суыққа деген қарсылық төмендейді.
- Аязды күні қалың киініп: пальтоның немесе куртканың ішінен екі свитер, екі қабат қолғап, мақтадан жасалған шұлықтың сыртынан жүн шұлық киіп шығыңдар. Металлды әшекейлерді: сақина, алқа, білезік, сырғаны шешіңдер.
- Еш уақытта беттеріңе крем жақпаңдар, әсіресе ылғалдандыратын! Үсіп қалу қауіпін ұлғайтады. Әлсіз және орташа аязды күндері майлы косметиканы пайдаланыңдар, қатты аязда мұның да қажеті жоқ.
- Аш күйде көшеге шықпаңдар.
- Егер аяқ, қолдарың тоңа бастағанын сезсеңдер, дереу қозғалыс жасаңдар, кейін мұны жасау ауырсыну әкеледі.
- Бетті қолғаппен ұйқаламаңдар, тек құрғақ алақанмен, одан да бет-әлпетті қозғалысқа келтірген жөн: күлімсіреңдер, мұрынды тыржитыңдар.
- Қатты тоңғаннан соң ақыры жылы жерге келгенде абай болыңдар: көлікте отыруға тырысыңдар, өйткені жылыну үрдісі көбінесе қатты ауырсынумен және бас айналумен тіпті талып қалуға дейін сезімдермен қатар жүреді.
Өздеріңді және туысқандарыңды аялаңдар!
ҚР ТЖМ ШҚО ТЖД Риддер қ. ТЖБ
АҚ және ТЖ бөлімінің бас маманы Варламов С.С.
| |