Қауіпті өндірістік нысандардағы басшыларға ақпарат

Риддер қ. ТЖ басқармасының тау-кен бақылау бөлімі (ТББ) қауіпті өндірістік нысандардағы өндірістік қауіпсіздік туралы Заңды басшылыққа алады.

Осы Заң қауіпті өндірістік нысандарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету саласында құқықтық қатынастарды реттейді және қауіпті өндірістік нысандардағы апаттардың алдын алуға, оның салдарын жою мен құрықтауды ұйымдастыруға әзірлікті қамтуға бағытталған.

Қауіпті өндірістік нысандарға:
1) 0,07 мегаПаскаль астам қысым астында істейтін немесе судың қызу температурасы 115 градус Цельсиядан астам жағдайда істейтін техникалық қондырғылар;
2) қара және түсті металл балқымалары және осы балқымалар негізіндегі қорытпалар;
3) тау-кен, геологті барлау, бұрғылау, пайдалы қазбаларды өндіру және байыту жөніндегі жару жұмыстары, жер астындағы жұмыстар;
4) адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіпті заттар бар өндіріс қалдықтары;
5) жүк көтергіш механизмдер, экскалаторлар, канат жолдары, финикулерлер, жеделсатылар;
6) қауіпті өндірістік нысандарда қолданылатын барлық үлгілердегі электрқондырғылар;
7) қауіпті өндірістік нысандардың гидротехникалық құрылыстары;
8) радиоактивті және иондайтын сәуле көздері;
9) құрал-саймандарды және оның керек-жарақтарын жасау, өндіру, жөндеу, өңдеу, сақтау және пайдалану жатады.

Қауіпті өндірістік нысанның иесі меншік түріне тәуелсіз, апат кезінде, техникалық қондырғылар істемей қалған немесе бүлінген жағдайда, қауіпті өндірістік нысанда болған қайғылы оқиға кезінде Риддер қ. ТЖБ тау-кен бақылау бөліміне (ТББ) 4-42-41 телефоны арқылы немесе Тәуелсіздік даңғылы 18а мекенжайы бойынша дереу ақпараттандыруға міндетті. Орын алған жағдайға тергеу жүргізіп, қауіпті өндірістік нысандарда мұндай оқиғалардың болуының алдын алу іс-шараларын жасауға міндетті.

 

Риддер қ. ТЖБ ТББ мем. инспекторы
Федор Райм

 

Поиск по сайту:
Казахстан, 071300, ВКО, г. Риддер, ул. Семеновой 19,
тел.: 8(72336)42700, факс: 8(72336)42573,
E-mail: akimat@ridder.kz
Copyright © 2007-2010