|
Ұлы Жеңістің 65-жылдығына арналады
2010 жылғы 4 ақпанда Мәдениет сарайында «Память» ардагерлер клубы балалар кітапханасымен (Самойлова Н.В.) бірлесе отырып ҰОС қатысқан теңізші-сүңгуір Николай Васильевич Овсянниковпен № 5 мектептің 5-б сынып оқушыларымен кездесуі өтті. Онда ол майданда басынан кешкен оқиғаларымен бөлісті.
Балалар ардагер әңгімесін қызығушылықпен тыңдады және көптеген сұрақтар қойды. Кездесу алдында соғыс туралы, шайқастан оралмаған біздің жерлес батырлар туралы ақпарат берілді.
Кездесу соңында ардагерлер хорының қатысушысы Михаил Карпович Басовский соғыс жылдарының әндерін орындады және естелік үшін суретке түсірілді.
|