Сноубордтан қалалық турнир

31 қаңтарда «Эдельвейс» СК тау шаңғы базасында сноубордтан қалалық турнир өтті, бұл турнирдің ұйымдастырушылары дене шынықтыру және спорт бөлімі мен қысқы спорт түрі бойынша БЖСМ. Берілген турнирдің ұйымдастырушылары таң қалатындай, слаломдық қатарда өз күштерімен күресетін қалаушылардың саны көп болды.
Жарысқа 30 спортсмен-әуесқойлар қатысты. Тамаша ауа-райы  және спортсмендердің де  көңіл-күйлері  тамаша  болып,  жарыстың тамаша басталуына әсер етті. Сноубордистер бір топта үлкен-кішілігіне қарамастан жарысты. Табан тірескен күрес және құмарлық финалға дейін жалғасты. Спортсмендердің ешқайсысы берілмеді. Барлық қатысушылар зор табандылық көрсетті. Сноубординг ауыр және қауіпті спорт түріне қарамастан турнирге екі қыз бала қатысты. Олардың біреуі Феклистова Татьяна СШК (Дене шынықтыру және спорт бөлімі ММ  туризм маманы) жартылай финалға жетіп қана қоймай, сонымен қатар ерлер арасында 26 сноубордисті артына қалдыра отрып 3 орынға ие болды, екінші орынға  Пушкарев Александр, 1 орынға Межецкий Сергей ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге  грамоталар, медальдар және ақшалай сыйлық берілді. Козьмин Евгений ЖК демеушілік көмек көрсеткен үшін алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ жарысты өткізуге көмек көрсеткен үшін тау шаңғы бойынша еңбек сіңірген бапкер - Шумилова Валентина Георгиевна және сноуборд бойынша бапкер - Шумилов Георгий Викторович. Турнирдің ұйымдастырушылары  берілген жарысты өткізуге көмек көрсеткен үшін  «Эдельвейс» СК  алғыстарын білдірді. Жарыс лайықты деңгейде өтті, барлық қатысушылар берілген жарыстың өткізілгеніне қуаныштарын білдіріп, енді бұл турнир дәстүрлі болсын деп өз тілектерін білдірді.

 

Поиск по сайту:
Казахстан, 071300, ВКО, г. Риддер, ул. Семеновой 19,
тел.: 8(72336)42700, факс: 8(72336)42573,
E-mail: akimat@ridder.kz
Copyright © 2007-2010