|
Облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың Шығыс Қазақстан облысы халқы алдында беретін есебінің тезистері
Құрметті шығысқазақстандықтар!
Мемлекет Басшысының Жарлығын іске асыру мақсатында қаңтар – ақпан айларында аудандар мен қалалар, ауылдық округтар әкімдерінің халық алдында есеп беру кездесулері өткізілді.
Өте маңызды осы науқанды облыс әкімінің есебі аяқтайды.
2009 жыл ішінде облыс әкімі 19 қала мен ауданға 86 рет сапарда болды.
Осы сапарлардың барысында 146 елді мекенде болып, тұрғындармен 126 кездесу өткізілді, оларға 48 мыңнан артық адам қатысты. 590 нысанда, осының ішінде 101 білім беру мекемесінде, 53 емдеу ұйымында, 91 мәдениет нысанында, өнеркәсіп, шағын және орта бизнестің – 149 нысанында, 200-ден артық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқа да объектілерде болды.
Бұл сапарлар жергілікті жерлердегі нақты жағдаймен танысып, «Жол картасы» бағдарламасын, облыстың дамуының басқа да стратегиялық міндеттерін іске асырудың барысын бақылауға алып қана қоймай, шығысқазақстандықтардың қалай өмір сүріп жатқандығын білуге де мүмкіндік берді.
Біздің барлық жұмыстарымыз ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Дағдарыстан – Дамуға» атты оның Жолдауында қойған міндеттерді, оның 2009 жылғы маусымда біздің облысымызда болған жұмыс сапары барасында, сондай-ақ дағдарысқа қарсы іс-шаралар жөнінде берген тапсырмаларын орындауға бағытталды.
2009 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік өнімнің жалпы көлемі 894 млрд. теңгені құрады (республика бойынша 6-шы орында), бұл 2008 жылғы деңгейдегіге қарағанда 0,5% артық. Осы көрсеткіштің қалыптасуына өнеркәсіп өндірісі елеулі үлес қосты, оның үлесі 30%-дан артық болды.
Облыс өнеркәсіп кәсіпорындары 482 млрд. теңгеге жуық сомада өнім өндіріп, қызметтер көрсетті, бұл 2008 жылғы деңгейдегіге қарағанда 1,7 млрд. теңгеге көп, осының ішінде тау кенін өндіру өнеркәсібінде - 85,2 млрд. теңге, өңдеу өнеркәсібінде – 349,3 млрд. теңге, электр энергиясын, газ бен су өндіру және таратуда - 47,3 млрд. теңге.
Ақшалай түрдегі өнеркәсіп өнімі көлемінің ұлғаюы негізінде ірі өнеркәсіп кәсіпорындары: «Қазмырыш» ЖШС және «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС өнім өндіруді арттыруы арқасында қол жеткізілді.
Бұл кәсіпорындар жалпы алғанда облыстық жалпы көрсеткіш көлемінің 43%-дан артық өнімін өндірді.
Отандық металлургия өнеркәсібі қазір әлемдік нарықтағы қатаң жаһандық бәсекелік жағдайында жұмыс істеуде, оның қызметінің жемістілігі өндірісті әртараптандыруға тікелей байланысты. Бұл тек біздің облыс үшін ғана емес бүкіл еліміз үшін де ерекше өзекті. Бір сөзбен айтқанда, инновациялық технологиялар, энергия үнемдеу, жер қойнауын үнемдеу, кендерді кешенді қайта өңдеу дамудың басымды бағыттары болып табылады.
Бұл тұрғыда өңірдің металлургия өнеркәсібі кәсіпорындары мынадай жобаларды іске асыруда:
1. «Қазмырыш» ЖШС - «Электролиз цехы бар мыс балқыту зауытының құрылысы және қорғасын өндірісін қайта жаңарту» жобасы;
2. «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ - «Титан құймаларын және қорытпаларын өндіру зауытының құрылысы» жобасы;
3. «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС – құны 225 000 млн. теңге құрайтын «Аягөз ауданындағы Ақтоғай тау-кен байыту комбинатының құрылысы».
Бұл жобаларды іске асыру мейлінше жоғары терең қайта бөлінген өнім шығаруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, экологиялық жағдайды жақсартуға және т.б. мүмкіндік береді.
Өмір көпшілігі қала құраушыға айналған тау-кен металлургия кәсіпорындарының табысты жұмыс істеуі өңірлік экономиканы көтеруге ықпал ететіндігін көрсетеді. Олар бүгінгі күннің өзінде тікелей қаржыландыру (жарғылық капиталға қатысу), қайтару негізінде қаржыландыру (қарыз беру), кепілдікті (қаржы институттарынан қаржы алуға) қамтамасыз ету түрінде жергілікті жерлердегі шағын және орта бизнеспен өзара іскерлік қарым-қатынасты кеңейтуге дайын, бұл өңірлердегі экономиканың орнықтылығын арттырады.
Қазақстандық экспорттың негізгі түрлерінің бағасы мен сұранымының азаюына әсер еткен қаржылық-экономикалық дағдарыс жағдайында отандық өндірістің қолдауының әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау үшін маңызы ерекше болды.
«Ұйымдар мен мемлекеттiк органдар сатып алатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу кезiнде қазақстандық қамтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 27 қаңтардағы N 733 Жарлығын орындау үшін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мемлекеттік сатып алулардағы қазақстандық қамтуды арттыру, ұлттық өндірушілермен байланысты нығайту жөнінде жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
Облыстың өңдеу кәсіпорындарындағы өнеркәсіп өнімін өндіру көлемінің құлдырауына байланысты облыстың 40 кәсіпорнының өнім сату жағдайына талдау жасалынып, олардың тауар өндіру және шығаратын тауарларды жеткізу теңгерімі әзірленді.
Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарына өнім өткізуге байланысты қиындықтарды шешуде көмектесу мақсатында Қазақстан Республикасы ұлттық компанияларының тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алуы кезiнде қазақстандық қамтуды ұлғайту жөнінде үш Форум өткізілді.
Барлық осы іс-шаралардың нәтижесінде жалпы 24,6 млрд. теңге сомадағы 40 меморандумға қол қойылып, 13,2 млрд. теңге сомаға келісім-шарт жасалды.
Облыс кәсіпорындары шығаратын өнімдерді өткізу үшін республиканың 13 облыстық орталығында көшпелі тұсау кесер өткізіліп, олардың барысында 1 млрд. теңгеден артық сомаға 35, осының ішінде облыс кәсіпорындары мен Қазақстан өңірлері арасында 24 меморандумға қол қойылды.
Жыл қорытындысы бойынша 355 кәсіпорын 250,5 млрд. теңге сомаға, олардың ішінде 200,6 млрд. теңгеге немесе 80%, қазақстандық қамтылған тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алды.
Тау-кен металлургия кешені кәсіпорындары өндіретін өнімдердегі қазақстандық қамтуды одан әрі арттыру үшін облыстың бастамасы бойынша «Жоғары технологиялар аймағын» құру мәселесі пысықталып, оған республикалық бюджеттен 1,0 млрд. теңге мөлшерінде қаражат бөлінді. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі 2010 жылы объектілерді қаржыландыруды жалғастыруды мақұлдады.
Полная версия
|