|
Риддер қаласы әкімінің міндеттерін атқарушы Д. Ю. Кавригиннің қорытынды есеп беру кездесуі
Мәдениет Сарайында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е. Б. Сәлімовтың қатысуымен, Г. А. Тищенконың төрайымдылығымен қалалық мәслихаттың кезекті ХХІІІ сессиясы өтті, онда Риддер қаласы әкімінің міндеттерін атқарушы Д. Ю. Кавригиннің «Риддер қаласының 2009 жылға әлеуметтік – экономикалық дамуы және 2010 жылға тапсырмалар жөніндегі баяндамасы тыңдалды.
Білім беру бөлімінің бастығы Б. Э. Үскенбаев, қалалық мәслихат депутаты, «Кедр» кәсіпкерлік Ассоциясының» төрағасы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қоғамдық көмекшісі В. А. Климов, Риддерлік медико - әлеуметтік психоневрологиялық мекемесінің директоры, қалалық мәслихат депутаты О. А. Солонников, «Нұр Отан» ХДП Риддерлік филиалының бірінші орынбасары Н. В. Климов сөз сөйледі.
Сөз сөйлегендер 2009 жылы Риддер қаласында «Жол картасы» бағдарламасының арқасында жүзеге асырылған және басқа да мемлекеттік саясатта бағытталған оң өзгерістерді, мәселелерді және оларды шешу жолдарын атап өтті, сонымен қатар 2010 жылға тапсырмасына тоқталды.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е. Б. Сәлімов өз баяндамасында Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның жаңа он жылдығы – жаңа экономикалық көтерілімдері – жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының негізгі ережелерін, сонымен қатар олардың Шығыс Қазақстан облысында жүзеге асырылуын атап өтті.
Кездесудің жүруі кезінде Риддер қаласының тұрғындарынан қоғамдық транспорт жұмыстарына, деривациялық құбырларды жөндеуге, қаланың жылумен қамтамасыз ету, мектеп алды мекемелері жұмысының кестесіне қатысты көптеген сұрақтар келіп түсті.
Сессия қорытындысы бойынша Риддер қаласы әкімінің міндеттерін атқарушы Д. Ю. Кавригиннің есебін бекітуге, бекітілген қалалық бағдарламаларды жүзеге асыру жөнінде шаралар қабылдау, бюджеттік қаражатты игеру, сонымен қатар есеп беру кездесулерінің жүруі кезіндетүскен сұрақтар мен ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша шараларды жоспарын жасау және бекіту шешімдерін қабылдады.
|