|

|
|
Аумақтық органдар
Мемлекеттік мекеменің негізгі атауы: “Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Риддер қалалық аумақтық инспекциясы”
Мекеменің бастығы: Ускембаев Базарбек Қабылжапарұлы,
1960 жылы туған,1986 ж.Семей қаласындағы зооветеринариялық институтын мал дәрігері мамандығы бойынша бітіріп шықты,1999 жылдан бастап осы мекемені басқарып келеді.
Мекеме 5 бөлімнен тұрады:
- Басшылық
- Ветеринария бөлімі
- Өсімдіктерді карантиндеу бөлімі
- Өсімдіктерді қорғау бөлімі
- Есеп және жоспарлау бөлімі (бухгалтерия)
Пошталық мекен-жайы:
071300, ШҚО, Риддер қаласы, Орджоникидзе көшесі, 5-үй.
Тел: 8-236-26930,26521 факс 8-236-26930.
Электрондық мекен-жайы: ridder_F-GTU@minagri.kz
Азаматтарды жеке сауалдары бойынша әр аптаның сейсенбі күндері сағат 9-11-ге дейін және бейсенбі күндері сағат 15-17-ге дейін қабылданады.
Инспекциянығ негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
Мыналар Инспекцияның негізгі міндеттері болып табылады:
ветеринария, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині, асыл тұқымды мал шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, ауыл шаруашылығы дақыллдарының сортын сынау салаларына, сондай-ақ астықтың сапасына, оның ішінде меемлекеттік астық қорының сақталуы мен сандық- сарпалық жай- күйіне және техникалық инспекция саласына мемлекеттік бақылауды және өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыруды жүзеге асыру;
Инспекция өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
- қала (аудан) аумағында ветеринария, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині, асыл тұқымды мал шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау салаларындағы , сондай- ақ астықтың сапасына, оның ішінде мемлекеттік астық қорының сақталуы мен сандық- сапалық жай- күйіне және техникалық инспекция саласындағы шаруашылық субъектілерге, жеке тұлғаларға мемлекеттік бақылауды және өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыруды жүзеге асырады:
- эпизоотияға қарсы іс- шаралар, жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы, осы жою карантиндік объектілерді аңықтау, оқшаулау және жою, сондай- ақ аса зиянды организмдерге қарсы күрес және оларды қабылдауды жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік бюджеттік бағдарламалар шегінде өткізілген ісө шаралардың сапасын тексереді және ұйымдастырады, малдан және өсімдіктен өндірілетін өнімдер мен шикізаттар сататын базарлардың ветеринариялық- санитариялық жай- күйіне, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндейтін кәсіпорындарға бақылауды жүзеге асырады:
- ведомстволық ветеринариялық қызметтің, лицензияланған ветеринариялық ұйымдардың және ветеринариялық мамандардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың ветеринария, мал тұқымын асылдандыру ісі , өсімдіктерді қорғау және олардың карантині жөніндегі қызметтерін бақылайды және заңнамада белгіленген тәртіппен анықталған бұзушылық жойылғанға дейін олардың қызметін тоқтата тұрады;
- сеніп тапсырылған аумақта ветеринариялық, фитосанитариялық ахуалын зерттейді және тексереді;
- тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол- құрылыс машиналары мен механизмдерді, өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеуді;
- тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, арнайы жабдық орнатылған орнатылған тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерің, өздігіненн жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол- құрылыс машиналары мен механизмдердің, өтімділігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
- тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен мехпнизмдерге, монтаждалған арнайы жабдық орнатылған бар туркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол- құрылыс машиналары мен механизмдеріне, өтімділігі жоғары арнайы машиналарға жыл сайынғы мемлекеттік техникалык байқау жүргізеді;
- тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол - құрылыс машиналары мен механизмдерді, өтімділігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдайды және күәліктер береді;
- мал мен өсімдіктерден жасалатын өнімдерге іліспе құжаттарын (фитосанитариялық, карантиндік сертификат, ветеринарлық құжаттар) береді;
- жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
- аса қауіпті аурулармен ауратын жануарлар ауруының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу жөніндегі іс- шараларды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
- мал шаруашылығы объектілерінің және жануарларды өндіру, дайындау (сою) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өндеу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысады;
- Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық аурулары қоздырушыларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі ветеринариялық іс- шараларды жүзеге асырады және бақылайды;
- Базарларда, жануарлардан алынантын өнімдер мен шикізатты өндіру, дайындау (сою), сақтау, өндеу және өьткізу жөніндегі ұйымдарда , сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық қадалауға жататын жұктерді тасымалдау (алып жүру) кезінде мемлекеттік ветеринариялық бақылауды жүзеге асыруды; ветеринариялық бақылау объектілерің қауіпсіздігін, ветеринариялық- санитариялық жағдайды бақылауды; жануарлар ауруларының пайда болу мен таралу және жануарлардың азықтан улану себептері мен жағдайларын ашып, аңықтайды;
- аудан (қала) аумағында мемлекеттік ветеринариялық бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
- ветеринариялық есеп жүргізеді және есеп береді және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс етеді;
- астық қабылдау кәсіпорындарында астық сапасын аңықтайтын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
- астықтың сандық-сапалық жай күйіне, оның ішінде мемлекеттік ресурстар астығын бақылауды жүзеге асырады;
- бас лицензияларды растау үшін астық қабылдау кәсіпорындарының саралану талаптарына сәйкестігіне жыл сайын тексеруге қатысады;
- тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік, оның ішінде сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асырады; әрі субсидия бөлінген тұқымның нысаналы пайдаланылуын бақылау;
- тұқым шаруашылығы субъектілернің белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін субсидияланған тұқымдардың мақсатты пайдалануын тексереді;
- астықтың сандық- сапалық есебін жүргізу және астық қолхаттары тізілімі мәліметтеріне сәйкес астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүзеге асырады;
- мемлекеттік астық ресурстарын тиеп жіберуге және тасымалдауға (орнын ауыстыруға) бақылауды жүзеге асырады;
- «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001жылғы «ұ қаңтардағы Заңының 28 - бабының 2 - тармағында көзделген негіздемелер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез кеоген түрімен тиеп-жөнелтуге тыйым салады;
- астық сапасының сараптамасы жөніндегі аккредиттелген зертханалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
| |