|

|
|
Әкiмнiң аппараты
Баяндамалары, сөздерi
Риддер қаласы Әкімінің аппараты өкілдерінің және функцияларының
1. «Риддер қаласы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (одан әрі әкім аппараты) Қазақстан Республикасының заңдардымен белгіленген тәртіпте әкім құратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің актілеріне, облыс әкімінің, Риддер қаласы әкімінің нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ аппарат туралы Ережеге сәйкес іске асырады.
Әкім аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға түседі.
3. Әкім аппаратының басшысы өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады, олардың аппарат қызметкерлері үшін міндетті күші бар.
4. Аппарат туралы Ережені, оның құрылымы мен штат кестесі облыс әкімдігімен белгіленген шектеулер шегінде әкіммен бекітіледі.
5. Әкім аппаратының құрылтайшысы Риддер қаласы әкімінің тұлғасындағы мемлекеттік болып табылады.
6. Әкім аппаратының қызметін қаржыландыру тек жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Әкім аппаратына кәсіпкерлік субъектілермен осы органдардың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау нысанына келісім-шарттық қатынастарға енуге тыйым салынады.
Риддер қаласы әкімі аппаратының функциялары:
1) Риддер қаласы әкімінің және әкімдік қызметін ақпараттық талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі, облыс Әкімі, Риддер қаласы әкімі актілерінің орындалуына бақылау жасауды ұйымдастыру және іске асыру;
3) Риддер қаласының атқарушы органдар аппараттарының Қазақстан Республикасы Президентімен, Үкіметімен, облыс әкімімен қойылған тапсырмаларды жүзеге асыру жөніндегі қызметін үйлестіру;
4) Кенттік, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының қызметін үйлестіру;
Риддер қаласының әкімі аппаратының тапсырмалары:
- Риддер қаласы әкімі мен Риддер қаласының әкімдігі дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, тиісті бюджеттерін, олардың орындалу жоспарларын әзірлеудегі қызметін қамтамасыз ету;
- Риддер қаласы әкімін және әкімдігін облыс әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен, облыстық атқарушы органдарымен, құқыққорғау органдарымен, бұқаралық ақпараттық құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялармен ұйымдастырушылық байланысын іске асыру;
- Риддер қаласының атқарушы органдар аппараттарында, ауылдық және кенттік округтер әкімдерінде жалпы атқарушылық тәртіп деңгейін арттыру жөніндегі жұмыстар ұйымдастыру;
- Риддер қаласы әкіміне әкімдік жоспарын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
- Риддер қаласы әкімінің, оның орынбасарының тапсырысы бойынша Риддер қаласының ауылдық, кенттік округтер әкімдері аппараттарының, атқарушы органдарының Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімінің, Риддер қаласы әкімінің актілерін орындау жөнінде тексерістер ұйымдастыру, жұмыста табылған кемшіліктерді жою жөнінде
- Ауылдық және кенттік округтерінің аппараттарына, сондай – ақ Риддер қаласының атқарушы органдарына олардың жұмыстарының әдісі мен тәсілін жетілдіруде әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;
- Риддер қаласының сайлау органдарының референдумдар мен сайлаулардың дайындау және өткізу жөніндегі жұмысын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының жүзеге асырылуында қатысу;
- Риддер қаласы әкімдік отырыстарын, қала әкімі өткізетін кеңестерді, әкімінің басқа да іс-шараларын ұйымдастырушылық және құжаттамалық қамтамасыз ету;
- Әкім және әкімдік атына келіп түсетін қызметтік хат – хабарлар жөніндегі ісқағаздарын жүргізу және ұйымдастыру, Әкімнің, Риддер қаласы әкімдігінің, оның орынбасарларының тапсырмаларын және тапсырыстарын орындаушыларға дейін жеткізу;
- Азаматтар жүгінулері және келушілерді қабылдау жөніндегі жұмыстар ұйымдастыру;
- Азаматтармен және ұйымдармен Қазақстан Республикасы конситуциясының және заңдарының нормаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативті – құқықтық актілерін орындауда көмек көрсету;
- Риддер қаласы аумағында кәсіпкерлік қызметтін дамыту үшін жағдай және инвестициялық ахуал жасауға қатысу;
- Халықтық жұмыспен қамту және кедейлікке қарсы күрес бағдарламаларын жүзеге асыруға, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына атаулы көмек көрсетуде қатысу;
- Риддер қаласындағы қоғамдық орындарды сыртқы көркейту және безендіру мәселелерін шешуде қатысу;
- Қылмыстықпен, сыбайластық жемқорлықпен, есірткімен күресу, кәмелет жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылықты ескерту бағдарламасын жүзеге асыруда қатысу.
Риддер қаласы әкімі аппаратының қызметтін ұйымдастыру
15. Риддер қаласы әкімінің аппараты қала әкімі «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы белгіленген тәртіпте лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
16. Аппарат басшысы аппарат жұмысын ұйымдастырып, басшылық жасайды және аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын іске асыру үшін жеке жауапкершілік атқарады.
17. Аппарат басшысы осы мақсатта:
1) Аппаратының құрылымдық бөлімдерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңымен белгіленген тәртіпте Е-4, Е-5 санатты әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін және Риддер қаласы әкімі аппаратының жұмысын техникалық қамтуды іске асыратын қызметкерлерді лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) Риддер қаласы әкімі аппаратының қызметкерлеріне заңмен бекітілген тәртіпте тәртіптік жазалар қолданады;
4) Риддер қаласы әкімі аппараты бойынша бұйрық шығарады, қол қояды;
5) Риддер қаласы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Риддер қаласы әкімі аппараты атынан мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда өкілдік етеді;
7) Заңнамамен сәйкес өзге өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
Аким города Риддера: Кавригин Дмитрий Юрьевич
Кавригин Дмитрий Юрьевич 1974 жылы 5 қыркүйегінде Алма-аты қ. туған. Екі жоғарғы білімі бар. 1996 жылы Шығыс Қазақстан мелекеттік техника университетін бітірген авто көлік шаруашылығы және авто көлік маманы бойынша инженер-механик және Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде орта басқармасы және мелекеттік маманы бойынша, менеджер біліктілігін алды. Каригин Дмитрий Юрьевич 1997 жылынан еңбек әрекетін бастады. Келісім шарты бойынша «Лайт» фирмасының ЖШС, «ВостокСнабЭнерго» ЖШС, «Теплоэнергия» КГП директоры, «Импульс» ДГКП инженері болып істеді. 2005 жылы Каригин Дмитрий Юрьевич Ушановский кенттік округінің әкімі болды. 2007 жылы Шығыс Қазақстан облыс коммуналдық шаруашылық және энергетика директорының орынбасары, шілде айында «Өскемен водоканал» ГКП директоры болып тағайымдалған.
2008 жылғы тамыздан бастап 2009 жылғы сәуір айына дейін Каригин Дмитрий Юрьевич «Лик» ЖШС НПФ басқарған.
2009 жылғы сәуір айынан қыркүйек айына дейін облыс әкімінің бас инспектор маманында істеген.
2009 жылғы 2 қыркүйегінен Риддер қаласы әкімінің орынбасары болып тағайымдалды.
Функционалдық міндеттері
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасының Өкіметімен, министрліктерімен, Қазақстан Республикасының ведомстволарымен, Шығыс – Қазақстан облысының Әкімімен, облыстық құрылымдармен байланысты жүзеге асырады. Қаланың атқарушы органдарының қызметтеріне, салық салу, коммуналдық меншік сұрақтарына басшылық. Бюджетті табыстық және шығындық жағынан қамтамасыз ету, бюджеттің орындалуын бақылау. Қалалық бюджеттік комиссияға басшылық. Қазақстан Республикасы Президентінің, Өкіметінің нормативті актілерін, Шығыс – Қазақстан облысы Әкімінің өкімдері мен бұйрықтарын орындау, Риддер қаласының дамуы және әрекет етуі жөніндегі тапсырмаларды шешу. Ішкі қауіпсіздік, қоғамдық – саяси тұрақтандыру, құқық тәртіпті нығайту, қылмыскерлікпен және сыбайластық жемқорлықпен күрес сұрақтарын шешуде жергілікті атқарушы органдардың прокуратурамен, ҚІІБ, сот органдарымен, қорғаныс істері жөніндегі бөлімдермен келісімдік жұмысты қамтамасыз ету.
Риддер қ. әкімінің қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (72336) 4-27-00
Қабылдау уақыттары:Сейсенбі сағат 14.00 – ден
E-mail: akimat@ridder.kz
Мекен – жайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, индексі 0713000, Риддер қ., Семенова к – сі, 19
Әкімнің орынбасарлары
Қала әкімінің экономика, агроөнеркәсіп кешенінің, халықты жұмыспен қамту, сауда, кәсіпкерліктің дамуы, шағын және орта бизнес сұрақтарына басшылық етуші орынбасары – Қаһарманов Сабыр Вильданұлы
Функционалдық міндеттері
Риддер қ. Әкімінің орынбасары лауазымына 2007 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейін тағайындалды.
Қала әкімі болмаған уақытта оның міндеттерін атқарады және қаланың атқарушы билігінің қызметтеріне жедел басшылықты жүзеге асырады. Өнеркәсіп өнімінің нарығы өзгеруінің біржақтылығына және жағдайына талдау жасау, отандық тауар өндірушілермен, индустриалды – инновациялық бағдарламалармен жұмыс.
Қаржы институттарымен әрекеттестік, қала кәсіпорындарының өнімділік күштерін, материалды – техникалық және еңбек ресурстарын болашақтық болжау, тарату және оңтайлы пайдалану сұрақтары, инвестициялық жобаларды бағалау, қала кәсіпорындарының қаржылық жағдайына талдау жасау. ҚР "Мемлекеттік сатып алылар туралы" заңының жүзеге асырылуын бақылау. Тұтынушылық тауарлар өндіруді ұйымдастыру сұрақтарына жедел басшылық. Шағын және орта бизнестің дамуы, сауда және қызмет сұрақтары. Қалада экологиялық жағдайды сауықтыру сұрақтары және қоршаған ортаны сауықтыру Бағдарламасын жүзеге асыру. Агроөнеркәсіп кешенін және қала халқын өніммен қамтамасыз етуді реформалау. Қаланың санитарлы – эпидемиологиялық қызмет сұрақтары. Мүлікті жария ету, ҚР "Мүлікті жария етумен байланысты кешірім туралы" заңды жүзеге асыру сұрақтары. Қалалық бөлімдер қызметтерін үйлестіру: қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау. ИСО-9001 сапа сертификациясы жүйесін жүзеге асыру, мемлекеттік басқарма органдарына "Электрондық өкімет" бағдарламасын енгізу сұрақтары.
Телефон: 8 (72336) 4-45-20
Қабылдау уақыттары: Сәрсенбі сағат 14.00 – ден
Қала әкімінің әлеуметтік сала сұрақтары жөніндегі орынбасары - Дюсебаева Раиса Васильевна
Функционалдық міндеттері
Қаланың әлеуметтік – экономикалық дамуының артықшылық бағыттарын анықтау, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ішкі саясат саласында қаланың әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі бағыттарын жүзеге асыру. Мемлекеттік тіл саясатты, идеологиялық қамтамасыз етуді, қоғамдық келісімді, әскери – патриоттық тәрбиені жүзеге асыру, отбасы және неке мәселесі сұрақтары. Қала дамуының маңызды сұрақтары жөнінде әлеуметтік – саяси процесстерді үйренуді, саяси жағдайлар мен қоғамдық пікір мониторингін ұйымдастыру. Адам құқығын қорғау саласында халықаралық ұйымдармен, қоғамдық және діни бірлестіктермен, өкіметтік емес ұйымдармен, ұлттық – мәдени орталықтармен әрекеттестік. Жалпы мемлекеттік мерекелерді, қоғамдық – саяси акцияларды, науқандарды, референдумдар мен барлық деңгейдегі депутаттар сайлауларын өткізу және дайындауды ұйымдастыру. Қаладағы қоғамдық – саяси жағдайға талдау жасау. Қала жағдайын тұрақсыздандыруға мүмкіншіл процесстерге қатысты шараларды өңдеу және жүзеге асыру. БАҚ – мен әрекеттестік. Қалалық бөлімдер қызметтерін үйлестіру: ішкі саясат, білім беру, дене тәрбиесі және спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет және тілдерді дамыту, зейнетақы төлеу орталығы, қорғаныс істері жөніндегі басқарма (жастарды жедел әскери қызметке шақыру), қалалық ардагерлер кеңесі. Зейнеткерлер мәселелерін шешу жөніндегі жұмыс тобының жұмыстарына, комиссиялар: кәмелет жасқа толмағандар істерінің және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі, отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі, ономастикалық, марапаттау жөніндегі, қалалық әскери комитеттің шақыру комиссиясына, қалалық сайлау комиссиясына басшылық.
Қабылдау уақыттары: Бейсенбі сағат 14.00 – ден
Телефон: 8 (72336) 4-47-16
Тұрғын үй-коммуналдық шаруа сұрақтары бойынша әкімінің орынбасары
Серік Төлеуғалиұлы Төленбергеновтың
Серік Төлеуғалиұлы Төленбергеновтың екі жоғары білім бар: 2002 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін қаржы және несие мамандығы бойынша бітіріп, экономист біліктілігін алған және 2006 жылы - Қазақстан - Америка еркін университетін заңгерлік мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі-заңгер.
Еңбек жолы: 1995 жылы «АРЖ» ЖШС-да есепші. 1997 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін – ҚР ҚМ жанындағы қаржы-валюталық бақылау комитетінің Семей облысы бойынша басқармасында бақылаушы-тексеруші, 1997 жылдың қазаны – 1998 жылдың қыркүйегі аралығында - ҚР ҚМ жанындағы қаржы-валюталық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы бойынша басқармасында бақылаушы-тексеруші. 2000 жылдың тамызынан 2002 жылдың қыркүйегіне дейін – «Аст-Пром» ЖШС директоры.
2002 жылдың қыркүйегінен 2005 жылдың қаңтарына дейін- «Курмыш ЛТД» ЖШС директоры.
2005 жылдың ақпанында «Қаз-Тюмень» АҚ атқарушы директорының орынбасары лауазымына тағайындалды, ал 2006 жылдың шілдесінен бастап – «ВостокХолдинг LTD» ЖШС директоры.
2008 жылдың тамызы-желтоқсаны аралығында – Өскемен қаласының «Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ темір жол, әуе және су көлігі бөлімінің маманы.
2008 жылдың желтоқсанынан 2009 жылдың мамырына дейін- «Курмыш ЛТД» ЖШС бас директоры.
2009 жылдың маусымынан бастап «ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ бас маманы болып жұмысқа алынды.
2009 жылдың тамызынан бастап «Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ бастығы болып тағайындалды.
2010 жылдың 17 наурызында Риддер қаласы әкімінің өкімімен Риддер қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Функционалдық міндеттері
Жолдарды көркейту, пайдалану, жөндеу және қалпына келтіру сұрақтарына басшылық. Қаланың жолаушылар көлігін, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықты, жылумен-, энергиямен-, сумен қамтуды пайдалану, қалада тұрғын үй құрылысы дамуының өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру. Төтенше жағдайларды жою және ескерту жөніндегі ведомствоаралық және қалалық комиссияларға, тұрғын, өндірістік, тұрғын – азаматтық және коммуналдық бағыттағы құрылыстары біткен объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясына, жер қатынастары және қала құрылысы жөніндегі сұрақтарға басшылық. Төтенше жағдайлар шарттарында қалпына келтіру жұмыстарына басшылық, жұмылдыру дайындығы сұрақтарын шешу.
Қалалық бөлімдер қызметтерін үйлестіру: тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары.
Қабылдау уақыттары: апта сайын, әр сейсенбі сағат 14.00 – ден
Телефон: 8 (72336) 4-46-97
Риддер қаласы әкімінің аппарат басшысы Сембинов Ержан Алтайұлы
Сембинов Ержан Алтайұлы ШҚО Ұлан ауданы Горняк а. 1973 жылы 24 мамырында тұған. Екі жоғарғы білімі бар. Азия – Орталық университетін бітірді, кредит және қаржы маманы бойынша 2009 жылы экономист және заңгер маманы, заңгер бакалавр біліктілігін алды.
Еңбек әрекетін Сембинов Ержан Алтайұлы 1990 жылы бастады. Шығыс Қазақстан облысы бойынша 1999 -2000 жылдар, Қазақстан Республикасы жол қозғалыс қауыпсіздік фондының директорының орынбасары болды.
2000 - 2002 жылдар «Шығыс Қазақстан облыс бойынша Қазақстан Республикасы мемлекттік табыс Министерінің «Кедентранссервис» РГП директоры болды. 2002 жылы қараша айында Сембинов Ержан Алтайұлы «Восток Инвест» ЖШС директоры болып тағайымдалды, Қазақстан Республикасы әділет Министірігінің Шығы Қазақстан облысы бойынша 2003 жылы қаңтар айынан - 2006 жылы наурыз айына дейін «Жылжымайтын бойынша орталығы» РГП директорының орынбасары болып тағайымдалды. Екі жыл бизнес-структурасында жұмыс істеді.
2008 жылы өнеркәсіп өндеу бөлімінің бас маманы болып тағайымдалды. 2009 жылғы қаңтар айында ішкі экономикалық бөлімінің батығы болып тағайымдалды. 2009 жылы тамыз айынан бастап Шығыс Қазақстан облыс Әкім аппаратының хаттама және ішкі байланыс бөлімінің меңгерушісі. 2009 жылы 2 қыркүйегінде Риддер қаласы әкімінің аппарат басшысы болып тағайымдалды.
Функционалдық міндеттері
Қала әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі аппарат жұмысын ұйымдастыру және басшылық. Қала әкімінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігімен, Пригородный ауылдық округімен, Үлбі кенттік округімен, қалалық сайлау комиссиясымен әрекеттестікті қамтамасыз ету. Қала әкімі тағайындаған кадрлар жөнінде келісілген ұсыныстар енгізу және үйрену, қала әкімінің аппаратындағы кадр сұрақтарын шешу. Қала басқармасы құрылымдық бөлімшелерінің тиімді қызметі және жетілдіру сұрақтары, қызметтік автокөлікті пайдалану сұрақтары. Облыс және қала әкімінің шешімдерін, өкімдері мен нұсқауларын, Қазақстан Республикасы Өкіметінің және Президентінің нормативті актілерін орындауда әкім аппаратының, мемлекеттік басқарманың қалалық органдары қызметтерін үйлестіру. Қала әкімі аппаратының, мемлекеттік басқарманың қалалық органдары бөлімдерінің басшыларын тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныстар дайындау. Қала әкімінің аппараты бөлімдерінің қызметтерін үйлестіру: бақылау – инспекторлық және кадрлық жұмыс, қала әкімінің аппаратын жалпы, қаржылық – шаруалышық, заңгерлік, техникалық қамтамасыз ету. Комиссиялар жұмыстарын ұйымдастыру: конкурстық, тәртіптік, аттестациялық, қала әкімі аппаратының жұмысшыларына мемлекеттік қызмет өтілін орнату жөніндегі.
Қабылдау уақыттары: Дүйсенбі сағат 14.00 – ден
Телефон: 8 (72336) 4-22-80
| |